зат. көне. 1. ә с к. Елу-елуден бөлінген (біріккен) сарбаздар тобы; взвод. Жүздік, е л у л і к топ тағайындап, олардың басына батыл, өжет жігіттер беріп, мергендер тобын бөлек іріктеп, ең тәуір дегенін өз қарамағына жинады (М.Жұмағұлов, Қыран.). Соғыс советі сардарды -командир, сарбазды -жауынгер, е л у л і к т і -взвод, атты жүздікті -эскадрон, жаяу жүздікті -рота, жасақты -полк деп өзгертті (Ж.Тілеков, Жоңғар.). Низамға түскеннен соң штат құрды. Е л у л і к, ондық деген адам тұрды. Залалсыз патша әмірі болғаннан соң, Ахоты болған адам іске кірді (Кердері Әбубәкір, Қазағым). 2. сөйл. Би-болыстың ел ішіндегі өкілі, әкім; елубасы. -Е, ол әлгі менің болысқа кандидат болып, сенің е л у л і к болып... - деп Жүсекең көтеріле түсті (Б.Майлин, Шығ.).