ЕЛІКТЕУ

lat: ELİKTEÝ

з а т. 1. п е д.ат. imitatio> Адамның басқалардың мінезіне, қылығына, іс-қимылына ұқсауға тырысуы, еліктеу әрекеті.

Еліктеудің мұндай түрі бала оның топтағы әлеуметтік моделін реттейтін негізгі ережелерді білуі керек деп түсіндірдіаз. тілі термин. Педагогика.).

Еліктеу адамның дамуындағы өздігінен бағдарлаудың және мінез-құлықтың бастамасы болып шығады (А.Қасымжанов, Диалектика).

Бірақ әдеттердің бірсыпырасы еліктеу арқылы пайда болатыны да кездеседі (М.Мұқанов, Педагогика очерк.).

Өмірім биіктердің өмірі ме,

Жүрмін бе еліктеумен көп іріге.

Оқи ма мені бала оқымай ма,

Тоқи ма өсиетімді көңіліне (Т.Молдағалиев, Шақырады.).

2. ә д е б. Жазушының, ақынның өз шығармасында белгілі әдеби нұсқаны үлгі тұтуы, алдындағы атақты өнер иелерінен өнеге алуға ұмтылуы.

Мұндай еліктеу  , өзінше көркемдік тәсілдерінде қолданылуы мүмкін. Соның нәтижесінде дәстүр тағылымына, көркемдік, стильдік ерекшеліктерді жаңғыртып, жаңаша қолдануға негізделген шығармалар туады (Әдеб. термин. сөздігі).

Бірақ бұл жалаң еліктеу   емес, творчестволық түрдегі үйрену (С. Қирабаев, Октябрь.).

Ш.Айтматовқа деген оқырман құштарлығы да, кейінгі толқын қаламгерлердің оған көбірек еліктеулері де, жазушы қаламынан осы романтикалық сезімдердің дәл және мөлдіреген қалпында түсе қалатындығынан да болса керек («Қаз. әдеб.»).