ЕЛІКТЕУ

lat: ELİKTEÝ

Елікте етістігінің қимыл атауы. 1 . Әр нәрсеге елігу, қызығу, әуестену.

Музыка табиғатын түсінбейтін кейбір жастар модашыл жандардай көрінгенге еліктеуге құмар (Алғысқа бөленгендер).

Біреудің әлем-жәлем киім киісіне, сәнқойлығына, сырбаздығына, паңдығына еліктеу де жоқ емес («Білім және еңбек»).

Осыдан барып жастардың батыс мәдениетінің кейбір сасық дәстүрлерін мәдениеттің жақсы түрі деп түсініп, оған еліктеу  туғандай.Есенберлин, Алтын құс).

2. Біреуге, бір нәрсеге елту, соған бет бұру.

Абай өлеңнен неше түрлі өлшеу көрсетіп, көп түр кіргізді. Бұл күнде ақындар Абайдың көп түріне түр қоспақ түгілі, әлі сол түрлерді түгел сіңіріп ала алған жоқ. Көптің бетін бұрып алғандығы ақынның екпіннің күштілігі. Абай өлеңімен пайдаланып, еліктеу  әлі қызған жоқ, бірақ мұнан артық қозып, бірталай заманға шейін бармақ.Аймауытов, Шығ.).