ЕЛІКТЕУ

lat: ELİKTEÝ

басқалардың мінез-құлқын өзіне көшіру процесі. Еліктеу ерікті және еріксіз болуы мүмкін. Өз әрекетін басқаның үлгісімен модельдеуге тырысу. Бұл терминді «мимикрия» терминінен ажырата білу керек. Бұл термин, сондай-ақ имитациялық әрекет механикалық түрде орындалады деп түсіндіріледі. Бұлай сипаттау қате. Мыс., бала анасының әрекетіне немесе топтағы құрбыларымен ойнаудағы өзара әрекет тәсілдеріне тек еліктеп қана қоймайды, мұндағы мінез-құлық өте күрделі, оған механикалық процесс деген түсінік беруге болмайды. Еліктеудің мұндай түрі бала оның топтағы әлеуметтік моделін реттейтін негізгі ережелерді білуі керек деп түсіндіреді. Бұл терминді жеңілдету үшін көбінесе «үлгілеу» термині қолданады. Еліктеу үлгі тұтатын объекттің қылықтарын тікелей қайталау нәтижесінде болатын үйрену түрі.