зат. 1. п е д. <лат. imitatio> Адамның басқалардың мінезіне, қылығына, іс-қимылына ұқсауға тырысуы, еліктеу әрекеті. Е л і к т е у д і ң мұндай түрі бала оның топтағы әлеуметтік моделін реттейтін негізгі ережелерді білуі керек деп түсіндірді (Қаз. тілі термин. Педагогика.). Е л і к т е у адамның дамуындағы өздігінен бағдарлаудың және мінез-құлықтың бастамасы болып шығады (А.Қасымжанов, Диалектика). Бірақ әдеттердің бірсыпырасы е л і к т е у арқылы пайда болатыны да кездеседі (М.Мұқанов, Педагогика очерк.). Өмірім биіктердің өмірі ме, Жүрмін бе е л і к т е у м е н көп іріге. Оқи ма мені бала оқымай ма, Тоқи ма өсиетімді көңіліне (Т.Молдағалиев, Шақырады.). 2. ә д е б. Жазушының, ақынның өз шығармасында белгілі әбеди нұсқаны үлгі тұтуы, алдындағы атақты өнер иелерінен өнеге алуға ұмтылуы. Мұндай е л і к т е у, өзінше көркемдік тәсілдерінде қолданылуы мүмкін. Соның нәтижесінде дәстүр тағылымына, көркемдік, стильдік ерекшеліктерді жаңғыртып, жаңаша қолдануға негізделген шығармалар туады (Әдеб. термин. сөздігі). Бірақ бұл – жалаң е л і к т е у емес, творчестволық түрдегі үйрену (С. Қирабаев, Октябрь.). Ш.Айтматовқа деген оқырман құштарлығы да, кейінгі толқын қаламгерлердің оған көбірек е л і к т е у л е р і де, жазушы қаламынан осы романтикалық сезімдердің дәл және мөлдіреген қалпында түсе қалатындығынан да болса керек («Қаз. әдеб.»).