ЕЛЕУІШ

lat: ELEÝİSH

з а т. 1. Үн, талқан сияқты майда заттарды елейтін елек, елгезер.

- Әй, Қаныш, тұр. Елеуішке барамысың?! Қаныш, үйінің ет салатын табағын ала кел (С.Жүнісов, Өшп. із).

Мына тұрған үйден елеуіш әкеле қой дегеніме дәл бір шайқайнатым уақыт болған шығар (С.Мұратбеков, Жабайы.).

Мұқаштың қатыны аулындағы бір абысынымен елеуіш бере қоймадың деп, шаңқылдасып қалғанда, абысыны «Осы елдің бар дүниесін үйіңе тығып отырғаныңды көрермін» (Ж.Аймауытов, Шығ.).

2. т е х н. Бір нәрсенің (астықтың, кен рудасының т.б.) ұсағы мен ірісін ажырататын арнаулы құрал.

Қаражалда темір рудасын бірнеше елеуіштерден өткізіп шығарады (К.Смайылов, Мамандық.).

Бұдан соң олар арнаулы елеуіштен өтіп, норий [труба] арқылы магнитті сепаратор қойылған дозаторға түседі (Қ.Құсайынов, Жүгері.).

Жаңағы алтын кенінің бұрынғы «Бақыршық» деген әп-әдемі аты бар болатын (Бақыршық - алтын жуатын елеуіш). Сол Бақыршық атауы кімге, не үшін ұнамадың Түсінбедік («Қаз. әдеб.»).