ЕЛЕУІШ

lat: ELEÝİSH

зат. 1. Үн, талқан сияқты майда заттарды елейтін елек, елгезер. -Әй, Қаныш, тұр. Е л е у і ш к е барамысың?! Қаныш, үйінің ет салатын табағын ала кел (С.Жүнісов, Өшп. із). Мына тұрған үйден е л е у і ш әкеле қой дегеніме дәл бір шайқайнатым уақыт болған шығар (С.Мұратбеков, Жабайы.). Мұқаштың қатыны аулындағы бір абысынымен е л е у і ш бере қоймадың деп, шаңқылдасып қалғанда, абысыны «Осы елдің бар дүниесін үйіңе тығып отырғаныңды көрермін» (Ж.Аймауытов, Шығ.). 2. т е х н. Бір нәрсенің (астықтың, кен рудасының т.б.) ұсағы мен ірісін ажырататын арнаулы құрал. Қаражалда темір рудасын бірнеше е л е у і ш т е р д е н өткізіп шығарады (К.Смайылов, Мамандық.). Бұдан соң олар арнаулы е л е у і ш т е н өтіп, норий [труба] арқылы магнитті сепаратор қойылған дозаторға түседі (Қ.Құсайынов, Жүгері.). Жаңағы алтын кенінің бұрынғы «Бақыршық» деген әп-әдемі аты бар болатын (Бақыршық -алтын жуатын е л е у і ш). Сол Бақыршық атауы кімге, не үшін ұнамадың Түсінбедік («Қаз. әдеб.»).