ЕЛЕГІШ

lat: ELEGİSH

зат. сөйл. Елеуіш. -Мынау түзетіп жатқаныңыз сеялканың е л е г і ш і ме? Бұған қандай пәле тап болған? (Ә.Нәбиев, Ауыр.). Дайын болған топырақты пайдаланар алдында тор көздің үлкендігі 1 см е л е г і ш т е н өткізеді (С.Тұрдиев, Үй өсімдік.). Ионосфераны е л е г і ш к е ұқсатуға болады (Т.Омаров, Күн құбылыс.).