1 [грек. еlektron янтарь] з а т. ф и з. Массасы 9,108ּ10-28 тең элементарлы теріс электр заряды бар тұрақты элементарлы бөлшек немесе электрдің ең аз теріс зарядымен зарядталған атомның ең кішкентай ұсақ элементарлы бөлшегі. Мысалы оқымыстылар бұрын атомды заттың бөлінбейтін бөлшегі дейтін-ді, осыдан кейін оның э л е к т р о н ғ а және протонға бөлінетіні айқындалды (М.Мұқанов, Бақылау.). Соның бірі – э л е к т р о н н ы ң теріс электрлі атом екені айқын болса, екіншісі – жарық сәуле кванты да, үшіншісі – радиоактивтілік құбылыс («Білім және еңбек»).