lat: ELEKTRONDY DÚKEN
тұтынушыға (заңды немесе жеке тұлғаға) тауарларды тікелей сату, оған қоса жеткізіп беру жүзеге асырылатын веб-торап.
Мұнда тұтынушылық ақпарат, тауарға тапсырыс беру және мәміле жасау е-дүкеннің сайтында жүзеге асырылады.
Технология тұрғысынан электронды дүкен дерекқормен (тауарлардың электронды каталогымен) жұмыс істейтін веб-қолданба болып келеді.