lat: ELEKTRONDY POSHTA (ELECTRONIC MAIL)
1) пайдаланушылар арасындағы қағаз тасымалдаушы қолданбай-ақ хабарлар немесе құжаттар жіберу құралдары. Интернеттің қызмет түрлерінің бірі;
2) желі бойынша бір немесе бір топ адамға хабарлар жіберу. Электронды пошта арқылы жіберілетін хабар мәтіндерден, кестелерден, графикадан, сондай-ақ кез келген форматтағы файлдардан тұруы мүмкін. Электронды поштаны кеңседе пайдалану қағаз тасумалдаушылар шығынын үнемдеуге көмектеседі; сондай-ақ, электронды пошта көмегімен қашықтағы кеңселермен байланыс жүзеге асырылады;
3) желі пайдаланушыларына бір компьютерден екіншісіне хабарлар жіберуге мүмкіндік береді.