lat: ELEKTRONNYI BIZNES (ELECTRONIC BUSINESS)
ақпараттық технологияларды іскери серіктестердің оңтайлы әрекеттесуін қамтамасыз ету және қолданба құнның интеграцияланған тізбегін жасау үшін пайдалануға негізделген шынайы бизнестің тиімділігін арттыру.
Шығындарды қысқарта отырып, клиенттерге қызмет көрсетуді жақсартуға, жаңа өткізу арналарын табуға, бәсекеде басымдық көрсетуге мүмкіндік береді.
Интернет-жобаның тиімділігі үшін кәсіпорынды басқарудың дамыған жүйесі қажет, сондықтан Интернетте электронды бизнес ашпас бұрын, кәсіпорынның өз ішінде бизнесті электронды жолға қоюды қолға алу керек.
Интернет-технологиялар электронды бизнестегі негізгі аспектілердің бірі, бірақ жалғыз аспектісі емес.
«Электронды бизнес» ұғымы «электронды коммерция» ұғымынан кеңірек.