Елестет етістігінің қимыл атауы; 1. Көз алдына келтіру. Біз оқушымызды ежелгі қаланың орнына апарып, қазіргі бейнесін аз да болса көз алдына е л е с т е т у г е тырыстық (Д.Досжанов, Құм жұтқан.). 2. п с и х. Адамның сол сәтте көз алдында тұрмаған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын миында жалпылай бейнелеуге мүмкіндік беретін психикалық процесс. Е л е ст е т у -жалпылау дәрежесінің деңгейіне қарай жалпы елестету жеке елестету болып бөлінеді (ҚҰЭ). Е л е с т е т у -заттың бейнесін есте сақтауға, оның типтік, басты белгілерін табуға мүмкіндік беретін ой тәсілдерінің (талдау, жинақтау, салыстыру, топтастыру, жүйелеу, т.б.) мәнін танып білуге мүмкіндік жасайды (ҚҰЭ). Е л е с т е т у д і ң ең маңызды мәні сонда, ол еңбек басталғанға дейін оның нәтижелерін көз алдына келтіруге мүмкіндік береді, осы арқылы қарекет процесінде адамды бағдарлайды (Қаз. тілі термин. Педагогика.). 3. Есіне түсіру. Әлгінде ғана осы арада тұрған қыздың бет-әлпетін е л е с т е т у г е тырысты (О.Сәрсенбаев, Бақыт.).