әлеуметтік стратификация жүйесіндегі ең жоғарғы стратасы. Ағылшын тілінде elite деп XVII ғ. жоғары сапалы тауарлар, XVIII ғ. іріктелген әскери бөлімдер аталды; ұғым генетикада, тұқым шаруашылығында ең жақсы, жеке дара, өзгешелерді атауда қолданыла бастады; XIX ғ. ұғым әлеуметтік иерархия жүйесінде (аристократияның синонимі ретінде) жоғарғы страталарға қатысты қолданыла бастады; әлеуметтануға В. Парето енгізді. Қазіргі элита теориясының ізашарлары Платон, Н.Макиавелли, Ф.Ницше болды. Тұтас көзқарастар жүйесі ретінде элита теориясын Г. Моска, В. Парето, Р. Михельс қалыптастырды. Бұл теориялардың бастапқы қағидасы әлеуметтік, саяси басқаруды, мәдени дамуды жүзеге асыратын әлеуметтік және саяси құрылымның қажетті элементтері бар ерекше пұрсатты, артықшылықты қабат.