ЕЛШІЛІК

lat: ELSHİLİK

з а т. д и п л.ат. соnsul> Бір мемлекеттің екінші мемлекеттегі дипломатиялық өкілдігі (мекеме).

Елшіліктің машиналары төрт қабатты бейтаныс қонақ үй- дің алдына келіп тоқтады (Ә.Шәріпов Алыс.).

- Бұл совет елшілігінен. Әлгінде ғана біздің дәрігеріміз хабарласқан-ды (Ә.Кекілбаев, Тырау-тырау.)

Бейрутта көп елдердің елшіліктері, мәдени орындары, ресторандары бар («Лен. жас»).

2. Осы өкілдік орналасқан үй, ғимарат.

Жомарт жер астындағы жол мен шығып, елшілікке кірді (Т.Ахтанов, Дала.).

Римде ашынған адамда демонстрация жасап, америка елшілігіне қарай бет алды (Бейбітшілік.).

3. Шетелдегі үкімет өкілдігі қызметін атқарушылық, елші болушылық.

Кіші Плиний империясында ең төменгі қызметтен бастап елшілік қызметіне дейін көтерілген адам (Н.Баяндин, Геогр. ашу.).

Келгеннен кейін елшілікпен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын міндет жүктелді (Ж.Тілеков, Хинган.).

4. Екі ел арасын келістірушілік, дәнекер болып бітімге келтірушілік.

Елшілікке жүруге екеуі де қарсылық білдірген жоқ (М.Әуезов, Ақын аға).

Ақылдаса келе елшілікке   қасына екі жігіт ертіп, Жұман барсын деп ұйғарылды (С.Мыңжасарова, Қыр қыз.).

Найзаға ақ ту байлап алыс тұрып,

Елшілер Құсан жақтан хабар күтті.

Белгісін елшіліктің таныған соң,

Келсін деп Құсан мырза хабар етті (И.Байзақов, Құралай.).