зат. д и п л. <лат. соnsul> Бір мемлекеттің екінші мемлекеттегі дипломатиялық өкілдігі (мекеме). Е л ш і л і к т і ң машиналары төрт қабатты бейтаныс қонақ үй-дің алдына келіп тоқтады (Ә.Шәріпов Алыс.). -Бұл совет е л ш і л і г і н е н. Әлгінде ғана біздің дәрігеріміз хабарласқан-ды (Ә.Кекілбаев, Тырау-тырау.) Бейрутта көп елдердің е л ш і л і к т е р і, мәдени орындары, ресторандары бар («Лен. жас»). 2. Осы өкілдік орналасқан үй, ғимарат. Жомарт жер астындағы жол мен шығып, е л ш і л і к к е кірді (Т.Ахтанов, Дала.). Римде ашынған адамда демонстрация жасап, америка е л ш і л і г і н е қарай бет алды (Бейбітшілік.). 3. Шетелдегі үкімет өкілдігі қызметін атқарушылық, елші болушылық. Кіші Плиний империясында ең төменгі қызметтен бастап е л ш і л і к қызметіне дейін көтерілген адам (Н.Баяндин, Геогр. ашу.). Келгеннен кейін е л ш і л і к п е н үш қайнаса сорпасы қосылмайтын міндет жүктелді (Ж.Тілеков, Хинған.). 4. Екі ел арасын келістірушілік, дәнекер болып бітімге келтірушілік. Е л ш і л і к к е жүруге екеуі де қарсылық білдірген жоқ (М.Әуезов, Ақын аға). Ақылдаса келе е л ш і л і к к е қасына екі жігіт ертіп, Жұман барсын деп ұйғарылды (С.Мыңжасарова, Қыр қыз.). Найзаға ақ ту байлап алыс тұрып, Елшілер Құсан жақтан хабар күтті. Белгісін е л ш і л і к т і ң таныған соң, Келсін деп Құсан мырза хабар етті (И.Байзақов, Құралай.).