ЕМДЕУ

lat: EMDEÝ

Емде етістігінің қимыл атауы; ауруға қарсы ем жасау, дәрілеу.

Халық медицинасында өсімдік қайнатындысының тұнбасын қақырық түсіруге, тыныс жолының созылмалы ауруын емдеуге , бастың сақинасына қарсы, ұйқы бұзылып, нерв жүйесі әлсіреген кезде қолданған (М.Қажымұратов, Пайдалы өсімдік.).

Академияның микробиологтері «актиномицин К» деп аталатын жаңа антибиотик тапты. Мұны жамандат ауруын емдеуге  және түрлі тері ауруларына қарсы қолдануға болады (Қ.Сәтбаев, Қазақстан.).

// Ем жасау ісі, емдеу әрекеті.

Емдеу дегеніміз дәрігер адамның немен ауырып жүргенін анықтап, соған сәйкес дәрі беру (С.Сұбханбердин, Өсімдік-дәрі.).

Көріп отырсыздар «Испат Қармет» үшін не қымбат екендігін. Оларға дімкәс шахтер керек емес, өйткені оларды емдеуге  қаржы жұмсамау керек («Жас Алаш»).

Емдеудің бірінші шарты - ауырған мал өріске жіберілмей, әбден жазылғанша қолда тұруы тиіс (Х.Арғынбаев, Қаз. этногр.).