lat: EMES
е т. Е көмекші етістігінің есімше тұлғалы болымсыз түрі.
Бөтенім емессің, ертең туысым болайын деп отырсың (Б.Тілегенов, Аққайнар).
Ерлік білекте емес, жүректе (Мақал).
Көкейді тескен тірліктің білгенге мәні
Көп емес пе еді?
Көк мидың бір демде бәрі:
«Өрісте малы, өкімі, билігі жоқтың
Сүйегіндегі жүйріктік кімдерге дәрі? (Ж.Жұматаев, Ләйлә.).
Бұл өмір бір күн шаттық, бір күн егес,
Тірліктің барлық мәні күлкіде емес,
Болсын мейлі көл жалғыз, терек жалғыз,
Менің жалғыз болуым мүмкін емес (М.Шаханов, Ғасырлар.).