ЕМЕС

lat: EMES

ет. Е көмекші етістігінің есімше тұлғалы болымсыз түрі. Бөтенім е м е с с і ң, ертең туысым болайын деп отырсың (Б.Тілегенов, Аққайнар). Ерлік білекте е м е с, жүректе (Мақал). Көкейді тескен тірліктің білгенге мәні Көп е м е с пе еді? Көк мидың бір демде бәрі: «Өрісте малы, өкімі, билігі жоқтың Сүйегіндегі жүйріктік кімдерге дәрі? (Ж.Жұматаев, Ләйлә.). Бұл өмір бір күн шаттық, бір күн егес, Тірліктің барлық мәні күлкіде е м е с, Болсын мейлі көл жалғыз, терек жалғыз, Менің жалғыз болуым мүмкін емес (М.Шаханов, Ғасырлар.).