lat: EMHANA
з а т. 1 . м е д. Аурулар барып-келіп емделетін аурудың алдын алу шараларын жүргізетін мекеме.
Емхананың негізгі міндеттері: өзіне бекітілген тұрғындарына денсаулығын қадағалау, белгілі жоспар бойынша түрлі ауруларға қарсы егу, ауыр операция жасатқан және түрлі жұқпалы аурулармен ауырған адамдарды диспансерлік есепке алу (ҚҰЭ).
Жаңылды емханаға тіркетіп, қай дәрігерге көрінетін қағазын бердім де, өзім Оралдың хал-жағдайын білуге ауруханаға келдім (М.Дүзенов, Ақәже).
Жеті ауылдық отбасылық емханаларға, оның ішінде Қожбақы ауылдық емханасына жедел жәрдем автокөліктері берілді («Жас Алаш»).
Ауруханаларды, емханаларды дәрігерлермен қамтамасыз ету және ауыл- селолық жерлерде жұмыс істейтін дәрігерлерге жағдай жасау жөнінде де бірсыпыра шаралар белгіленуде («Соц. Қаз.»).
2 . с ө й л. Аурулар жатып емделетін орын, аурухана.
Ұлы Отан соғысы басталғанда Жамбыл 95-те еді әрі ауру боп емханада жатыр еді (Ә.Тәжібаев, Өмір.).
Барлық дерттің баршасы маған қонып,
Емханада жатырмын алаң болып.
Терезеден бір ызың мазалайды,
Шақырады бір сәтте балам болып ( М.Мақатаев, Шығ.).
Дәрігер қыз науқас адамды астанаға әкеліп, үлкен емханаға орналастырды (Көктем лебі).