ЕМХАНА

lat: EMHANA

зат. 1. мед. Аурулар барып-келіп емделетін аурудың алдын алу шараларын жүргізетін мекеме. Е м х а н а н ы ң негізгі міндеттері: өзіне бекітілген тұрғындарына денсаулығын қадағалау, белгілі жоспар бойынша түрлі ауруларға қарсы егу, ауыр операция жасатқан және түрлі жұқпалы аурулармен ауырған адамдарды диспансерлік есепке алу (ҚҰЭ). Жаңылды е м х а н а г а тіркетіп, қай дәрігерге көрінетін қағазын бердім де, өзім Оралдың халағдайын білуге ауруханаға келдім (М.Дүзенов, Ақәже). Жеті ауылдық отбасылық е м х а н а л а р ғ а, оның ішінде Қожбақы ауылдық емханасына жедел жәрдем автокөліктері берілді («Жас Алаш»). Ауруханаларды, е м х а н а л а р д ы дәрігерлермен қамтамасыз ету және ауылелолық жерлерде жұмыс істейтін дәрігерлерге жағдай жасау жөнінде де бірсыпыра шаралар белгіленуде («Соц. Қаз.»). 2. сөйл. Аурулар жатып емделетін орын, аурухана. Ұлы Отан соғысы басталғанда Жамбыл 95-те еді әрі ауру боп е м х а н а д а жатыр еді (Ә.Тәжібаев, Өмір.). Барлық дерттің баршасы маған қонып, Е м х а н а д а жатырмын алаң болып. Терезеден бір ызың мазалайды, Шақырады бір сәтте балам болып ( М.Мақатаев, Шығ.). Дәрігер қыз науқас адамды астанаға әкеліп, үлкен е м х а н а ғ а орналастырды (Көктем лебі).