ЕМТИХАН

lat: EMTIHAN

з а тат. examen> 1. Белгілі бір пән бойынша білім дәрежесін анықтайтын сынақ. Қазақстанда е м т и х а н қабылдау алғаш рет Алтынсарин мектептерінде қолданылды (ҚҰЭ). Болат жетінші кластың ең соңғы е м т и х а н ы н тапсырған күннің ертеңіне үйіне ауданнан бір жүк машинасы келді (Б.Соқпақбаев, Алыс. ауыл.). Берілді оқуына, осы тұста Дипломдық жұмысы да асығыс та. Әсия әуреленді е м т и х а н м е н, Осылай әбігермен өтті қыс та (Қ.Бекхожин, Үш кезең). 2. ауыс. Сынау, байқау, тексеру. Оқыды, болды, сұрады; -Ұқтыңыз ба, әже? - деп, Е м т и х а н алмақ болды да, Үндемеді, тұтты әдет (Қ.Аманжолов, Шығ. жин.).