lat: ENDESHE
ш ы л. 1 . Олай болса.
Өзіңе тимеген екем, ендеше, қақтық, ағайын (М.Әуезов, Абай жолы).
Ендеше, киелі қазақ жерінің топырағын күнде табанымен басып, ауасын жұтқанына місе тұтпай, «су ішкен құдығына түкірген» Алексей Гончаров мырзаның «жаңылуы» саудың тамағын ішіп, аурудың сөзін сөйлегені емей, немене? («Жас Алаш»).
Хош, хан мен халық жолы қиылыспасы хақ. Ендеше, халық қолын бастаған Исатай- Махамбет пен патша жолын жақтаған, тіпті, оны құптамауға титтей де мүмкіндігі жоқ Жәңгір хан одағы ыдырамасын! («Жас Алаш»).
Адам көзі үйрене ме сұмдыққа?!
Адам жаны көндіге ме құлдыққа?!
Көндікпейді! Менің үшін ендеше
Соңғы шумақ жақындайды шындыққа! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).
2 . Не, немесе, я, яки.
- Ол емес. - Ендеше, майдан жаңалықтары жайында... - Ол да емес (Ж.Тілеков, От кешу).
Олай десең ойла да, Қарауыл бол, қоймаға. - Ол қолыңнан келмесе, Егін суғар, ендеше, (Ш.Смаханұлы, Көріп жүр.).
3 . Білгің келсе, керек болса.
Қасқырың соғылады, ендеше, - деді (Ғ.Мұстафин Дауыл.).
Ендеше, сарбаз қатынның керегі жоқ маған! (Ғ.Мүсірепов, Таң. Шығ.).
Мә саған, ендеше! Мә! - деп қарауыл дойырмен Қабыланбайды иықтан осып-осып жіберді (Б.Аманшин, Жар мұңы).
4 . п о э т. Әдетте бірнеше рет қайталанған сөздердің арасында өлең ұйқасы үшін қолданылатын қыстырма мәнді күшейткіш сөз.
Сүр бет деймін, ендеше, сүр бет деймін. Бір бетіңнен бетің кір бет деймін (С.Төлешов, Түрлі. бас.).
Қидасынгер, ендеше, қидасынгер,
Көшкенде жемір тайлақ бұйдасын жер.
Ақ бетіңнен бір сүйгіз замандасым,
Көрген жан, әзер болса қимасың дер (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).