ш ы л. 1. Олай болса. Өзіңе тимеген екем, е н д е ш е, қақтық, ағайын (М.Әуезов, Абай жолы). Е н д е ш е, киелі қазақ жерінің топырағын күнде табанымен басып, ауасын жұтқанына місе түтпай, «су ішкен құдығына түкірген» Алексей Гончаров мырзаның «жаңылуы» саудың тамағын ішіп, аурудың сөзін сөйлегені емей, немене? («Жас Алаш»). Хош, хан мен халық жолы қиылыспасы хақ. Е н д е ш е, халық қолын бастаған Исатай-Махамбет пен патша жолын жақтаған, тіпті, оны құптамауға титтей де мүмкіндігі жоқ Жәңгір хан одағы ыдырамасын! («Жас Алаш»). Адам көзі үйрене ме сұмдыққа?! Адам жаны көндіге ме құлдыққа?! Көндікпейді! Менің үшін е н д е ш е Соңғы шумақ жақындайды шындыққа! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан). 2. Не, немесе, я, яки. -Ол емес. -Ен д е ш е, майдан жаңалықтары жайында... -Ол да емес (Ж.Тілеков, От кешу). Олай десең ойла да, Қарауыл бол, қоймаға. -Ол қолыңнан келмесе, Егін суғар, е н д е ш е, (Ш.Смаханұлы, Көріп жүр.). 3. Білгің келсе, керек болса. Қасқырың соғылады, е н д е ш е, - деді (Ғ.Мұстафин Дауыл.). Е н д е ш е, сарбаз қатынның керегі жоқ маған! (Ғ.Мүсірепов, Таң. Шығ.). Мә саған, е н д е ш е! Мә! - деп қарауыл дойырмен Қабыланбайды иықтан осып-осып жіберді (Б.Аманшин, Жар мұңы). 4. поэт. Әдетте бірнеше рет қайталанған сөздердің арасында өлең ұйқасы үшін қолданылатын қыстырма мәнді күшейткіш сөз. Сүр бет деймін, е н д е ш е, сүр бет деймін. Бір бетіңнен бетің кір бет деймін (С.Төлешов, Түрлі. бас.). Қидасынгер, е н д е ш е, қидасынгер, Көшкенде жемір тайлақ бұйдасын жер. Ақ бетіңнен бір сүйгіз замандасым, Көрген жан, әзер болса қимасың дер (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).