ЕНЕ

lat: ENE

зат. 1. этн. Ерлі-зайыптылардың шешелерін білдіретін туысқандық атау. Бұл кісі мына Шолпанның мамасы, менің е н е м деп таныстырды (Ә.Нұршайықов, Алтын.). Қынай е н е с і м е н бірге тұрады ( М.Дүйсенов, Гүлжан.). Е н е ң болмаса да, инең болсын [Мақал]. Орынсызға сөз қатып, Күнәға батпа, келіншек! Байыңнан бұрын төсекке Өзің жатпа, келіншек! Үй басына қыдырып, Өсек айтпа, келіншек! Рас сөзді өзгертіп, Жалғанға сатпа, келіншек! Атаң, е н е ң жұмсаса, Бола көрме еріншек! (Ә.Найманбаев, Шығ.). -Сауыр етіктің табаны талда болса, Қырық кісінің ақылы ханда болса. Сірә, еркіңе қоймаймын, жан е н е к е, Қайнымның тұрысын айт, әлде болса (Қозы Көрпеш.). 2. Аң, мал төлінің аналығы. Е н е с і н жақсы азықтандырған меринос қозылар есейгенде жүнді де көп береді (Шопан кітабы). Мүмкіндігінше е н е с і жарытпаған қозыларға қой сүтінің орнына сиырдың уызын қолданса да болады («Лен. жас»). Ен е с і тепкен құлынның еті ауырмас (Мақал). 3. көне. Баланың анасы, шеше. Алып туар е н е д е н, Ат туады биеден, Сұрағаның дұрыс қой, Сынағаның мақұл ғой. Сіз деген сөзден, Меңлібай, Сен деген сөзім жақын ғой. Ежелден сенің ақынға Құрдастығың батыл ғой (Бақтыбай ақын, Жел қобыз.). Е н е д е н екеуміз. Бірақ екеуміз екі түстіміз. Заты жат жаралған дегенің болмаса, менен Қамар артық (Д.Әбілев, Ақын.). Тілеміс е н е д е н қағына туып, он үш жасынан ұрлыққа араласады (С. Мұқанов, Аққан жұлдыз). 4. ауыс. Асыраушы, өсіртіп-өндірген жеткізуші, өмір, азық көзі. Ертіс даңқы елге аян. Ертіс -ен даланың ежелгі е н е с і (І.Жансүгіров, Әңгім.).