зат. 1. этн. Қазақ дәстүрінде бала үйленіп жеке үй боп бөлініп шыққанда, ата-ананың бөліп беретін мал-мүлкі, үлесі. Дәстүр бойынша е н ш і н і үлкен ата немесе әке, олар жоқ болса, ұлдың үлкені (аға) бөледі (ҚСЭ). Қара шаңырақ пен ата-ана кенжеге қалады. Сүндетке отырған, жасқа толған кездерде немесе олжа, сүйіншіге деп бұрын аталып қойған мал-мүлік, әр баланың өз аққұласы аталып, е н ш і бөлісінде есепке кірмейді (ҚҰЭ). Е н ш і г е үй жабдықтары да кіреді (ҚҰЭ). 2. ауыс. Аласы құн, сыбаға, тиесі. Нәсілі жеті-сегіз атаға жеткен Өсердің бір жұрағаты менмін, «отыз ауыл Өсер» дейді... Содан менің алмағым, үлесім, ортағым, е н ш і м бар (М.Әуезов, Қараш.). Байдан әкеңнің аласысы көп, е н ш і с і н әпереміз, - деді ол (Т.Дәуренбеков, Біз кездес.). Жаңыл сол жиналыста табандатып отырып бір-екі байдың тоқалына е н ш і бөлгізіп берді (С.Сарғасқаев, Көңілді бала.). 3. ауыс. Құзыр, орындай алу міндеті, қабілетіне тәндік, құзыреттілік. Жасаушы қиял адамдардың, суретшілердің е н ш і с і деп қарапайым жұрт жориды (Ж.Аймауытов, Шығ.). Уақыт тынысын, дәуір келбетін асқан шеберлікпен айнытпай сомдау, заманның жүрек соғысын тамыршыдай тап басып, әртүрлі көркемдік тәсілдер арқылы жеріне жеткізе бейнелей білу де шынайы суреткердің е н ш і с і н д е г і дүние («Қаз. әдеб.»). Рақымжан бұл тапсырманың өз е н ш і с і н е неге тигенін сұрауға мұршасы болған жоқ (Қ.Қазыбаев, Дәуір.). Ақтау, қаралау сіз бен біздің жеке е н ш і м і з болмағанымен, ғылымның, қоғамның еншісі («Қаз. Әдеб.»). 4. ауыс. Меншік, иелік. Жүйрік жылқы – жұрттың е н ш і с і н д е. Ертең Тілештен тағы біреудің алып кетуі ықтимал (Т.Әлімқұлов, Күрең өзен). Ағымдағы жылдың басынан қыркүйек айына дейін Ресей экономикасына бағытталған 29 миллиард 135 миллион доллар шетел инвестициясының басым бөлігі Люксембургтің е н ш і с і н д е екен («Егемен Қазақстан»). 5. ауыс. Тағдыр, талай. Қайтем, тағдыр е н ш і м е жаксылықты аз берсе (Ш.Құмарова, Қос шынар).