ЭПИЗОД

lat: EPIZOD

(грек, epeisodion кірістіру)әдеби шығарма сюжетіндегі өз мәні бар жеке оқиғанемесе шығарманың басаяғы тиянақты бір бөлшегі. Шығармадағы жеке оқиғалардың өз алдына бүтіндік сипат алып, белгілі дәрежеде аяқталғандай болып келуі оның композиялық кұрлысын ширата түседі. Жеке бөліктердің шекжігі анық болса, олардың бірбірімен сәйкестік жалғастығы да айқынырақ аңғарылады. Ал мұның өзі шығарманың біртұтастығын, жеке бөліктерінің өзара байланысын, жарасымды мөлшерлік арақатынасын(пропорциясын) танып білу үшін де қажет. Эпизод деген сөзден туындайтын ұғымдардың бірі эпизодтық кейіпкер. Ол шығармада жеке бір оқиғада ғана бой көрсететін жанама кейіпкер. Бұған қоса эпизодтық композиция болады. Бұл көркем шығарманың бірнеше жекелеген оқиғаға негізделіп, құрылуы. Бекниязов Т.