ЕРІГІШ

lat: ERİGİSH

с ы н. Сұйық күйге айналғыш, сұйыққа сіңгіш, балқығыш.

Топырақ құрамында тез ерігіш тұздар көп (Е.Жамалбеков, Суармалы.).

Стрептомицин - суда ерігіш, сарғыш ұнтақ зат (Ғ.Әбішев, Мал жарақат.).

Қос топырақты кремний ерігіш (сұйық) және ерімейтін кристалл күйінде кездеседі (М.Сисекенов, Өкпе ауру.).