ЕРІГІШТІК

lat: ERİGİSHTİK

з а т. ф и з. 1. Заттың белгілі бір еріткіште еру кабілеті; сұйық күйге айналғыштық, балқығыштық.

Әртүрлі заттың суда ерігіштігі әртүрлі (Е.Бірімжанов, Жалпы химия).

Олардың ерігіштік дәрежесі температураға тікелей байланысты ( Н.Шоқанов, Топырақ.).

Заттардың физикалық қасиеттеріне физикалық күйі, түрлі, жылтырлығы, иісі, дәмі, меншікті салмағы, ерігіштігі т.б. қасиеттері жатады («Қазақст. Мект.).

2. х и м. Бір заттың екінші затпен араласып, біртекті жүйе қажетті мөлшерін сипаттайтын шама.

Заттардың ерігіштігі олардың табиғатына, температура мен қысымға тәуелді (ҚСЭ).

Ерігіштік, көбінесе, еіртікіштің 100 массалық бірлігінде қаныққан ерітінді түзілгенше еритін еріген заттың масса бірлігімен көрсетеді (ҚҰЭ).