ЕРІКСІЗДІК

lat: ERİKSİZDİK

зат. 1. Билігі болмаушылық, еркі жоқтық, шарасыздық. Осы түнгісі дәл соған ұқсап отырса да, екеуінің арасы тым қашық! Неге десеңіз: былтырғысы өз еркімен жүрген сейіл, сауық еді, бұл жолғысы: е р і к с і з д і к, қашқындық!.. (Ш.Құдайбердиев. Шығ.). Бұл жырда Абай, қазақ әйелінің е р і к с і з д і к, күндік күйін арнаулы тақырып етіп қолға алады (М.Әуезов, Әр жыл.). Өзінің ешқайда қозғала алмайтын е р і к с і з д і г і н ойлап налиды (А.Жұбанов, Замана.). 2. Құқы болмаушылық. Өмірде е р і к с і з д і к, езушілік бар дейтін, біз оны да көрмеген едік (С.Ерубаев, Менің құрдас.).