lat: ERİNSHEK
с ы н. Мойны жар бермейтін кежір, жалқау.
Шырақтар, ең құмарың осы болсын,
«Алла сүйсең, адамды сүй» дегендей.
Құмарың бір, ісің көп болсын, жаным,
Көпке құмар, еріншек болма мендей (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).
Еріншек етікшіден, елгезек масақшы артық (Мақал).
Қайырсыз сараң малыңды,
Еріншек есек жарыңды,
Халыққа емес сыйымды
Парақор баспақ биіңді,
Ел бүлдіргіш бегіңді
Улы тілмен улаттым (Дулат Бабатайұлы, Замана).
// Кежір, жалқау адам.
Теңгеге телміретін еріншектер,
Түспеген желектері келіншектер.
Қайырмай қайын атасын, «ұялам» деп,
Бет басып, сырт айналып, шегіншектер (М.Дулатов, Шығ.).
Еріншектің бір мінезі - еміншек (Мақал).
Еңбек қылудан, қызмет қылудан қашып, еріншек атанып, ез атанып, дүниеде әлгі айтылған ырысқа дұспан болды (Абай, Тол. жин. ).
// Жалқаулық, еріншектік.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек , бекер мал шашпақ,
- Бес дұшпаның, білсеңіз (Абай, Тол. жин.).