зат. 1. Сұйыққа езілген қоспа, құрамына бір зат еріген сұйықтық. Ішілетін дәрілер үш жікке бөлінеді. Соның бір түрі е р і т і н д і немесе қосынды е р і т і н д і дәрілер (Е.Оразақов, Дәрігерлік кеңес). Кеуек вакцинаны егер алдында физиологиялық е р і т і н д і г е егу керек (Ж.Сұлтанов, Аурулар.). Бір тонна картопты дәрілеу үшін 200 литрге дейін е р і т і н д і жүмсалады (Б.Шағыров, Картоп). к е н. Екі немесе одан көп тәуелсіз бөліктерден тұратын, құрамы ауыспалы гомогенді жцйелер. Е р і т і н д і қатты, сұйық және газ тәрізді болады ( Қаз. тілі термин. Кен.). Қатты е р і т і н д і г е түрлі қорытпалар жатады. Сұйық е р і т і н д і -газ, сұйық және қатты заттардың сұйықтықтағы ерітіндісі. Газ е р і т і н д і г е газдар қоспасы (ауа, табиғи жанғыш газ т.б.) жатады (Қаз.тілі термин. Кен.). 3. қ ү р. Сұйық күйге түсіріліп дайындалған құрылыс қоспасы. Е р і т і нд і мұнараның арт жағындағы түбі цементтелген, беті ашық ұраларда сақталатын (Ә.Сараев, Бозқырау). Әктеген кезде е р і т і н д і г е 20 процент формалин қосса, қабырғаға түскен микробтар ұзақ өмір сүрмейді (Т.Қалжеков, Туберкулез.).