lat: ERİTİNDİLER
з а т. х и м. 1. Әртүрлі заттектерін ерітіндіге айналдыра алатын химиялық қосылыстар мен қоспалар.
Органикалық және органикалық емес болып бөлінетін ерітінділер арасында хош иісті көмірсулар, спирттер, эфирлер, хлорланған аморфтық көмірсулар кең тараған (Қаз.тілі термин. Тамақ).
2. Екі немесе одан көп заттектердің құбылмалы құрамындағы біртекті қоспа.
Еріген заттардың концентрациясына байланысты қаныққан, қанықпаған және аса қаныққан ерітінділер болады (Қаз.тілі термин. Тамақ).
Сұйық ерітінділерде көп құрауыштар - еріткіш, ал қалған құрауыштар еріген заттар болады (Қаз. тілі термин. Тамақ.).