lat: EREK
ү с т. Өзгеше, бөлекше, дара.
Онан қорқып, обырлық қоймасаң да,
Адам боп, хайуаннан болсаңшы ерек!
Жалмағанша, жәрдемің тигізсеңші,
Жығылған, жылағанға болып көмек (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).
Баршагүл есімі Қайырбек аузынан шыққан сайын, Мұхит дүркін-дүркін селт етіп бір қалып, ерек сезімді халге келген-ді (Ғ.Сланов, Шалқар).
Мұраттан ерек Хадишаға ықылас көрсетті (Т.Ахтанов, Қаһарлы кү).
Адамға бүгін бағынған,
Қыр бейнесі өңді ерек
Шал көзіне шалынған,
Сыңсыған қайың, бәйтерек (Т.Жароков, Шығ.).