ЕРЕК

lat: EREK

үст. Өзгеше, бөлекше, дара. Онан қорқып, обырлық қоймасаң да, Адам боп, хайуаннан болсаңшы е р е к! Жалмағанша, жәрдемің тигізсеңші, Жығылған, жылағанға болып көмек (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Баршагүл есімі Қайырбек аузынан шыққан сайын, Мұхит дүркін-дүркін селт етіп бір қалып, е р е к сезімді халге келген-ді (Ғ.Сланов, Шалқар). Мұраттан е р е к Хадишаға ықылас көрсетті (Т.Ахтанов, Қаһарлы кү). Адамға бүгін бағынған, Қыр бейнесі өңді е р е к Шал көзіне шалынған, Сыңсыған қайың, бәйтерек (Т.Жароков, Шығ.).