ЕРЕКШЕ МҰҚТАЖДЫҚТАРЫ БАР БАЛАЛАР (ОҚЫТУҒА АРНАЙЫ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛАЛАР)

lat: EREKSHE MUQTAJDYQTARY BAR BALALAR (OQYTÝǴA ARNAIY QAJETTİLİKTERİ BAR BALALAR)

тіршілік әрекетін шектеуге және әлеуметтік қорғауды талап етуге әкелетін аурудың, жарақаттың және кемістіктің салдарынан организмнің қабілетті жұмыс істеу қабілетінің нашарлауынан денсаулығы қатты бұзылған балалар. Конвенцияның 23 бабында дамуында ерекше мұқтаждықтарды қажет ететін балалар ерекше күтімге, білім алуға және дайындыққа құқылы деп бекітілген. Бапта, сондай-ақ бұл балалар жағымсыз әлеуметтік жағдайларға байланысты қоғамнан аласталып қалмауы тиіс деп аталып көрсетілген. Балалар мүгедектігіне байланысты күрестi күшейтуде аурудың алдын алуға (денсаулық сақтау және білім беру қызметінің сапасын жақсартуға), баланы дамыту оңалтуға келтіруді жұмылдыру қажет.