lat: ERESEK
с ы н. Есейген, ер жеткен, естияр.
Ересектерде болатын бұл екі кейіпкердің парқын Оствальд жақсы суреттейді (Ж.Аймауытов, Шығ.).
Іштеріндегі ересегі Әбдірахман, бесінші класта оқиды (Б.Соқпақбаев, Жекпе- жек).
Көңбайдың отау үйі. Төрде ересек, делқұлы баласы Торбайды қасына алып бәйбіше, одан төменірек қара жамылған тоқалдар отыр (М.Шаханов, Ғасырлар.).
Жантас қазір бала емес, ересек жігіт (С.Жүнісов, Жапанда.).
Назымбек Шоқаннан ересек, жігіт болып қалған жас өспірім сыпайы жеткіншек екен (С.Бегалин, Бала Шоқан).
Бақыты Есет мәпелеп, Еркелетті, ер Есет Болды қыран ересек Қанаты қатып қайратты (М.Дулатов, Шығ.).