ЕРЕСЕК

lat: ERESEK

сын. Есейген, ер жеткен, естияр. Е р е с е к т е р д е болатын бұл екі кейіпкердің парқын Оствальд жақсы суреттейді (Ж.Аймауытов, Шығ.). Іштеріндегі е р е с е г і Әбдірахман, бесінші класта оқиды (Б.Соқпақбаев, Жекпеек). Көңбайдың отау үйі. Төрде е р е с е к, делқұлы баласы Торбайды қасына алып бәйбіше, одан төменірек қара жамылған тоқалдар отыр (М.Шаханов, Ғасырлар.). Жантас қазір бала емес, е р е с е к жігіт (С.Жүнісов, Жапанда.). Назымбек Шоқаннан е р е с е к, жігіт болып қалған жас өспірім сыпайы жеткіншек екен (С.Бегалин, Бала Шоқан). Бақыты Есет мәпелеп, Еркелетті, ер Есет Болды қыран е р е с е к Қанаты қатып қайратты (М.Дулатов, Шығ.).