ЕРКЕК

lat: ERKEK

з а т. 1. б и о л. Хайуанаттардың, басқа да жанды тіршілік иелерінің тұқым шашатын жыныстылары.

Еркек қозылар мен ұрғашы қозыларды жеке-жеке отарға ұйымдастыру керекопан серігі).

Айыр тұяқ аң атауларының еркегі көктемнен бастап ұрғашыларынан бөлінеді (С.Мұқанов, Саяхаттар).

2. Ер жынысты адам.

Бибігүл мен Смағұл тәтем отаса алмады, біраз уақыттан кейін екеуі ажырасып кетті. Біздің үйде кілең еркектер қалдық (Б.Соқпақбаев, Балалық).

Еркек   өз орнында ғана еркек, мына жұмысқа шорқақ. Бере тұршы деп от жағуға өзі кірісіп кетті (З.Иманбаев, Кең аймақ).

«Еркек   көктен түскен жоқ,

Бәрі адамның баласы.

Әйел жерден шыққан жоқ,

Қыз бен ұлдың анасы.

Жауыз патша тұсында

Әйелдің бар ма ед бағасы.

Көк пен жердей еді ғой

Ер, әйелдің арасы (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).

Жарылған тиіп кетсе қағанақтай,

Жаратқан бүйтіп шетін жаны құрсын

Мінгізген қылдан тайсаң ағаш атқа,

Өзімшіл еркектердің заңы құрсын (Ж.Аймауытов, Шығ.).

3. Әйелдің некелеп қосылған күйеуі, жұбайы.

Еркегі ашу айтса, әйелі басу айтады деуші еді. Сен, тіпті, ердің аузы бармайтын сөзді де айттың ғой (М.Әуезов, Қараш.).

Анадай екі әйелді бір үйде қатар ұстау осал еркектің қолынан келе бермейді ғой (Б.Тілегенов, Аққайнар).

Өмірден ләззат алу, көңіл соғу, Жалғыз-ақ еркекке адал, бізге арам ба? (Ж.Аймауытов, Шығ.).

4. Күшті, мықты ер адам, нағыз жігіт.

Ойлан, жуас жан іздеген, жар іздеген, жас талап,

Өмір сенің күткеніңнен әлдеқайда басқарақ,

Еркек сұлу көрінбей ме еркімен,

Еркіндіктің нұры ойнаған көркімен (М.Шаханов, Ғасырлар.).