ЕРКЕК

lat: ERKEK

зат. 1. биол. Хайуанаттардың, басқа да жанды тіршілік иелерінің тұқым шашатын жыныстылары. Е р к е к қозылар мен ұрғашы қозыларды жекееке отарға ұйымдастыру керек (Шопан серігі). Айыр тұяқ аң атауларының е р к е г і көктемнен бастап ұрғашыларынан бөлінеді (С.Мұқанов, Саяхаттар). 2. Ер жынысты адам. Бибігүл мен Смағұл тәтем отаса алмады, біраз уақыттан кейін екеуі ажырасып кетті. Біздің үйде кілең е р к е к т е р қалдық (Б.Соқпақбаев, Балалық). Е р к е к өз орнында ғана е р к е к, мына жұмысқа шорқақ. Бере тұршы деп от жағуға өзі кірісіп кетті (З.Иманбаев, Кең аймақ). «Е р к е к көктен түскен жоқ, Бәрі адамның баласы. Әйел жерден шыққан жоқ, Қыз бен ұлдың анасы. Жауыз патша тұсында Әйелдің бар ма ед бағасы. Көк пен жердей еді ғой Ер, әйелдің арасы (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). Жарылған тиіп кетсе қағанақтай, Жаратқан бүйтіп шетін жаны құрсын Мінгізген қылдан тайсаң ағаш атқа, Өзімшіл е р к е к т е р д і ң заңы құрсын (Ж.Аймауытов, Шығ.). 3. Әйелдің некелеп қосылған күйеуі, жұбайы. Е р к е г і ашу айтса, әйелі басу айтады деуші еді. Сен, тіпті, ердің аузы бармайтын сөзді де айттың ғой (М.Әуезов, Қараш.). Анадай екі әйелді бір үйде қатар ұстау осал е р к е к т і ң қолынан келе бермейді ғой (Б.Тілегенов, Аққайнар). Өмірден ләззат алу, көңіл соғу, Жалғыз-ақ е р к е к к е адал, бізге арам ба? (Ж.Аймауытов, Шығ.). 4. Күшті, мықты ер адам, нағыз жігіт. Ойлан, жуас жан іздеген, жар іздеген, жас талап, Өмір сенің күткеніңнен әлдеқайда басқарақ, Е р к е к сұлу көрінбей ме еркімен, Еркіндіктің нұры ойнаған көркімен (М.Шаханов, Ғасырлар.).