[лат. erosio] з а т. 1. г е о л. Судың, желдің т.б. табиғи құбылыстардың әсерінен жер қыртысының түгелдей не жарым жартылай бүлінуі. Өзендердің бұзушылық-әрекеті арнаны тереңдету және жағаларды шаю түрінде байқалады. Э р о з и я судың тау жыныстарына тигізетін динамикалық әсері түрінде өтеді (К.Сапарбайұлы. Геология.). Қазір осы заводқа қосымша жер қыртысының э р о з и я с ы н а қарсы техника жасайтын үлкен цех салынып жатыр (Ә.Нұршайықов, Менің Қазақст.). Адамның орынсыз әрекеті, жел, су э р о з и я с ы топырақтың құнарлылығын кемітіп, оның қуатты күшін әлсіретеді (Қ.Құрманов, Табиғат.). 2. т е х. Электрдің, атмосфералық құбылыстардың әсерінен техника тетіктеріне түсетін тот. 3. м е д. Тері мен ішкі ағзаның эпителиялық қабатында жараның пайда болуы.