ЕРСІ

lat: ERSİ

сын. 1. Оғаш, сөлекет, өрескел, сиықсыз. Шікірейіп, я жігіттер, кетпелік, Инсанлыққа е р с і жұмыс етпелік. Қарастырып халық пайдасын жабылып, Көмек беріп мұқтаждарға көптелік (М.Дулатов, Шығ.). Бұларға ою бастыру, не оюлап құрастыру е р с і саналады (С.Қасиманов, Қаз.қолөнері). 2. Жарасымсыз, ұнамсыз, қолайсыз. Менің кигенім гимнастерка. Белдіксіз жүру бір түрлі е р с і («Қаз. әдеб.»). Қандай көркем! Қолмен қашап скульптор жасағандай, кескінінде бір е р с і, артық мүше болсайшы (З.Шашкин, Теміртау). Көріп қалғаным -қарны тым е р с і үлкен екен (М.Жұмағұлов, Қыран.). // жерг. Өте жақсы. Ол әңгімені е р с і біледі (Қаз. тілі. аймақ. сөздігі).