ЕРСІ

lat: ERSİ

зат. қ о л ө н е р. Өрмектің үстіңгі бой жібі, еркек жібі. Түрлі жіптерді кілемнің е р с і с і н е қолмен орап, әртүрлі өрнектер теріледі (Х.Арғынбаев, Археология). Сол кезде күзеуге ілінбеген қарсы жіп адарғының қырымен 20-25 см жоғары көтеріліп, күзеулердің ара-арасымен 10-15 сантиметрдей е р с і жіптің үстіне шығады (С.Қасиманов, Қаз. қолөнері).