ЕРТЕҢ

lat: ERTEŃ

ү с т. 1. Бүгіннен кейінгі, келесі күн.

Ертең күн жексенбі, - деді Жұмабек (Ә.Көпбаев, Мақтаныш.).

Ертең жоқ, бүрсігүні ауыл көшіп Қаңтарбай бұлағына қонады дегенді естігенде тұла бойым түршігіп кетті (Ж.Алтайбаев, Түлек).

Мен келген күннің ертеңі орыстың жексенбілік мейрамы екен ( Ж. Мұзапаров, Қаби қарт.).

Бүгіннен ертең игі (Мақал).

2. Басқа күн, ертең-бүрсігендер, келер күн, бір күні.

Өз басын өзі осындай таласпенен кісі көбейтеміз деп партия жиғандардың бүгін біреуінеертең біреуіне кезекпен сатады да жүреді (Абай, Тол. жин.).

Кей құрбы бүгін татуертең бату,

Тілеуі, жақындығы - бәрі сату.

Көкірегінде қаяу жоқ, қиянат жоқ

Қажымас, қайта айнымас қайран тату! (Абай, Тол. жин.).

Ішім өлген, сыртым сау,

Көрінгенге деймін-ау;

Бүгінгі дос - ертең жау,

Мен не қылдым, япырмау? (Абай, Тол. жин.).

3. а у ы с. Келешекте, болашақта.

Бүгін сенің қойыңды бағып, жалшы болғанмен, ертең ел ағасы боп шықпасына кім кепіл (Б.Тілегенов, Аққайнар).

// Болашақ, келешек, алдағы өмір.

Сол баланың ертеңін, болашағын өзіңмен бірге ойласайын деп келдім («Қазақст. мұғ.»).

Мына шақ жігіттікке ұмтылған шақ,

Ал мынау кеудемде алғаш жыр тұнған шақ.

Мына шақ ертеңді аңсап тұрған шағым,

Мына шақ тұрған шағым былтырды аңсап (Т.Айбергенов, Мен саған.).

Ертеңім жақсы болғай бүгіннен де,

Не рахат таба аламын түңілгеннен.

Ақ таңдарым артымда қалса игі еді,

Ана-жерге бас иіп жүгінгенде,

Алып жотам иіліп бүгілгенде (М.Мақатаев, Шығ.).

Ауылдың ертеңі мұнан да нұрлы болмақ, - деді директор кабинетіне енгенімізде (Қазақст. әйелд.).