үст. 1. Бүгіннен кейінгі, келесі күн. Е р т е ң күн жексенбі, - деді Жұмабек (Ә.Көпбаев, Мақтаныш.). Е р т е ң жоқ, бүрсігүні ауыл көшіп Қаңтарбай бұлағына қонады дегенді естігенде тұла бойым түршігіп кетті (Ж.Алтайбаев, Түлек). Мен келген күннің е р т е ң і орыстың жексенбілік мейрамы екен ( Ж. Мұзапаров, Қаби қарт.). Бүгіннен е р т е ң игі (Мақал). 2. Басқа күн, ертең-бүрсігендер, келер күн, бір күні. Өз басын өзі осындай таласпенен кісі көбейтеміз деп партия жиғандардың бүгін біреуіне, е р т е ң біреуіне кезекпен сатады да жүреді (Абай, Тол. жин.). Кей құрбы бүгін тату, е р т е ң бату, Тілеуі, жақындығы -бәрі сату. Көкірегінде қаяу жоқ, қиянат жоқ Қажымас, қайта айнымас қайран тату! (Абай, Тол. жин.). Ішім өлген, сыртым сау, Көрінгенге деймін-ау; Бүгінгі дос -е р т е ң жау, Мен не қылдым, япырмау? (Абай, Тол. жин.). 3. ауыс. Келешекте, болашақта. Бүгін сенің қойыңды бағып, жалшы болғанмен, е р т е ң ел ағасы боп шықпасына кім кепіл (Б.Тілегенов, Аққайнар). // Болашақ, келешек, алдағы өмір. Сол баланың е р т е ң і н, болашағын өзіңмен бірге ойласайын деп келдім («Қазақст. мұғ.»). Мына шақ жігіттікке ұмтылған шақ, Ал мынау кеудемде алғаш жыр тұнған шақ. Мына шақ е р т е ң д і аңсап тұрған шағым, Мына шақ тұрған шағым былтырды аңсап (Т.Айбергенов, Мен саған.). Ер т е ң і м жақсы болғай бүгіннен де, Не рахат таба аламын түңілгеннен. Ақ таңдарым артымда қалса игі еді, Ана-жерге бас иіп жүгінгенде, Алып жотам иіліп бүгілгенде (М.Мақатаев, Шығ.). Ауылдың е р т е ң і мұнан да нұрлы болмақ, - деді директор кабинетіне енгенімізде (Қазақст. әйелд.).