ЕРТЕРЕКТЕ

lat: ERTEREKTE

ү с т. Бағзы заманда, ертерек уақытта.

Ертеректе осы өлкені мекен еткен ағайынды екі жігіт болады (Қ.Жұмаділов, Көкейкесті).

Ертеректе көп білетін бір ғұлама кісі «өнерді орыстан үйрен» деген екен (Ә.Нұрпейісов, Сергелдең).

Осы аймақта ертеректе Тоғжан деген атақты соқыр ақын болған-ды (М.Дүйсенов, Меймандар).

Ертеректе Майлыағашта да қалың орман күнде жапырағын тосып, жайқалып тұратын (С.Мәуленов, Жер нәрі).