lat: ESÝ
Ес (1) етістігінің қимыл атауы; жүнді, мақтаны ширату, пысытып бұрату.
Бас жіпті қалай есуді ұмытып кеттік қой, колхоз кезінде ауылда бәрі болатын (М. Дүзенов, Әке.).
Түйе жүні айыл, құйысқан, өмілдірік, ноқта, бау- шу есуге өте қолайлы (С.Қасиманов, Қаз. қолөнері).
Бектас жүн түтіп, есуін тоқтатқан жоқ (А.Байтанаев, Қайнар бұлақ.).