ЕСІК АУЫСТЫРУ

lat: ESİK AÝYSTYRÝ

дәстүрлі ортадағы наным-сенімге негізделген сақтандыру шарасы, баласы тоқтамаған әйелдің туған баласын «сатып алуы» . Бала тоқтамай жүрген әйел нәрестені туа салысымен ауылға сыйлы, көп балалы анаға береді. Аз уақыт өте «балалы анаға» сатып алған сияқты ақшалай немесе заттай сыйлық жасап, өз баласын қайтарып алады. Моңғолиядағы қазақтар «сатып алатын баланы» жоңғар отбасына асыратып, кейін бірнеше жылдан соң «сатып алған» . Бұл жоралғы оңтүстік өңірлерде есік ауыстыру деп аталады.