lat: ESİMDİK
з а т. л и н г в. Зат есім, сын есім, сан есім сөздердің орнына қолданылып, соларды меңзей айтылатын сөз табы.
Баланың алғашқы кездегі сөзінде зат есімдер көп болады. Кейіннен етістіктер, есімдіктер, тағы да басқа сөз таптары қосылып қорланады (Қ.Жарықбаев, Психология).
Есімдіктер заттың атын, сынын, санын я олардың атын білдірмейді, бірақ солардың орнына жұмсалады (Қазіргі қаз. тілі).
Морфологиялық тұрғыдан алғанда есімдіктер септелуге, көптік жалғау жалғануға бейім (ҚҰЭ).