ЕСІМДІК

lat: ESİMDİK

зат. л и н г в. Зат есім, сын есім, сан есім сөздердің орнына қолданылып, соларды меңзей айтылатын сөз табы. Баланың алғашқы кездегі сөзінде зат есімдер көп болады. Кейіннен етістіктер, е с і м д і к т е р, тағы да басқа сөз таптары қосылып қорланады (Қ.Жарықбаев, Психология). Е с і м д і к т е р заттың атын, сынын, санын я олардың атын білдірмейді, бірақ солардың орнына жұмсалады (Қазіргі қаз. тілі). Морфологиялық тұрғыдан алғанда е с і м д і к т е р септелуге, көптік жалғау жалғануға бейім (ҚҰЭ).